НҰР-СҰЛТАН, 03 қыркүйек. Жаңа Зеландияның Аукланд қаласында бір супермаркетте бір кісі кемінде алты адамды пышақтады. Артынан оны полиция атып өлтірді, деп TRT хабарлайды.
Премьер-министр Джасинда Ардерн оқиғаны бақылаудағы бір Шри-Ланка азаматының «террорлық лаңкестігі» деп атады. Ардерн полицияның шабуылдаушыны өлтіргенін айтып, бұл кісінің 2011 жылы елге келгенін, 2016 жылдан бері ұлттық қауіпсіздік тарапынан жақын қадағалауда болғанын білдірді.
Жаңа Зеландия баспасөзінің жазғанына қарағанда, шабуылдаушы ДАИШ террорлық ұйымынан шабыт алған.
Жарақат алған алты кісінің үшеуінің жағдайы ауыр.