Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Жусан» операциясымен елге оралған әйелдердің 96% радикалды көзқарастан бас тартты

НҰР-СҰЛТАН, 07 қыркүйек. «Жусан» операциясы арқылы елге оралған әйелдердің 96%-ы радикалды көзқарастан бас тартты. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Деструктивті діни ағымды ұстанушылармен жоспарлы жұмыстар жалғасуда. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүргізу үшін «Ақниет» оңалту орталығының білікті мамандары тартылуда. Республика бойынша діни радикалды идеологиядан зардап шеккендерді теологиялық-психологиялық оңалтудың бірыңғай тетіктері енгізілген. Сонымен бірге, ҚМДБ имамдары да көмек беруде», — деді Е. Нүкежанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Спикердің айтуынша, «Жусан» гуманитарлық операциясы арқылы елге оралған 188 әйелді оңалту және қайта әлеуметтендіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуде.

«Бүгінде жүргізілген жұмыс нәтижесінде олардың 95%-ы (188 әйелдің 181-і) радикалды діни көзқарастан бас тартты, ал кейбіреулері толығымен зайырлы өмір салтына көшті», — дейді Е. Нүкежанов.

Айта кетейік, биыл бірінші жартыжылдықта 84 мыңнан астам адам әлеуметтік желідегі радикалды топтардан шығарылды. Діни экстремизм мен терроризм идеяларын насихаттайтын 80 мыңнан астам материал жойылып, 300-ден астамы бұғатталған.

6 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *