Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Көкшетау полицейлері аса ірі мөлшерде “гашиш” есірткісін тәркіледі 

КӨКШЕТАУ, 07 қыркүйек. Көкшетауда екі тұрғыннан аса ірі мөлшерде “гашиш” табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткімен күресуші полицейлердің назарына жедел ақпарат бойынша аса ірі мөлшерде “гашиш” есірткі затының заңсыз айналымына қатысқан облыс орталығының 44 және 45 жастағы тұрғындары түсті.

Көкшетау қаласының 44 жастағы тұрғыны 10 грамнан астам гашишты заңсыз сатқаны үшін ұсталды, сондай-ақ оның жанында ұқсас заты бар түйіншек табылды.

45 жастағы тұрғыннан ол жалға алған гараждан жалпы салмағы 594 грамм “гашиш” есірткі заты бар 100-ден астам полиэтилен түйіншек табылып, тәркіленді.

– Сотқа дейінгі тергеу басталды, баптардың санкциясы жеті және 10 жылға дейін жазаны көздейді, – деп атап өтті Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мейрам Жапбасов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *