НҰР-СҰЛТАН, 09 қыркүйек. 2018 жылы Мельбурнде теракт жасамақ болған үш ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы The Age басылымына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
Басылымның хабарлауынша, терроризм мен терактке дайындық жасады деп айыпталған Эртунк пен Самед Эриклиоглу, сондай -ақ Ханифи Халис Виктория штатының Жоғарғы сотымен 7,5 жылға мерзімінен бұрын босату құқығынсыз 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Барлық сотталғандар түрмеде үш жылдан астам уақытты өткізгендіктен, олар 2026 жылдың ортасында мерзімінен бұрын босату туралы өтініш бере алады.
Сотталған ер адамдар Мельбурнның солтүстік маңында тұратын. 2018 жылдың 20 қарашасында Австралия федералды полициясы мен Виктория штатының полиция басқармасымен бірлесіп жүргізген терроризмге қарсы рейдтер кезінде қамауға алынды. Олар террорлық шабуылды дайындау және жоспарлау үшін айыпталды, соның дәлелі автоматты винтовка сатып алып, оны атуды үйрену болды.
Іс бойынша алдын ала тыңдау барысында барлық ер адамдар өздерінің кінәсін мойындап, радикалды көзқарастардан бас тартқандарын және ИМ («Ислам мемлекеті» — террористік ұйым, ҚР-да тыйым салынған) идеологиясын қолдамайтындықтарын айтып, өкінді.