Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ИМ-нің жоғары дәрежелі жетекшісі Ливия қауіпсіздік қызметтерінің қолына түсті

НҰР-СҰЛТАН, 08 қыркүйек. Ливия премьер -министрі Абдель Хамид Дбейба сейсенбі күні Ливия қауіпсіздік қызметі «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобының жоғары басшысын тұтқындағанын хабарлады , деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

«Біріккен жұмыс тобы ИМ* басшысы Имбарек әл-Харемиді тұтқындады»,-деп жазды ол Twitter-де.

Ливияның Бас прокуратурасы И. әл-Хареми ел астанасы Триполиден оңтүстік-шығысқа қарай 180 км қашықтықта орналасқан Бани-Валид қаласында қолға түскенін хабарлады.

И.әл-Хареми Бани-Валид маңындағы қауіпсіздік қызметі мен әскердің бақылау-өткізу бекетінде болған бірнеше жарылыстарға жауапты, делінген агенттік хабарламасында.

Ол сондай-ақ 2016 жылы Ливияның батысындағы Злитен қаласындағы, кем дегенде 67 адамның өмірін қиған, әскери оқу -жаттығу лагерінде жанкештінің жарылысына қатысы бар, делінген хабарламада.

 

* ИМ — Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *