Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нью-Йорктің сотмед сарапшылары11 қыркүйектегі шабуылдардың тағы екі құрбанын  анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 08 қыркүйек. Нью-Йорктің бас сот-медициналық сарапшысының басқармасы 2001 жылы 11 қыркүйекте Дүниежүзілік сауда орталығында болған террорлық шабуылдардың екі құрбанын анықтады, деп хабарлайды Inbusiness.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Хемпстедтік (Нью-Йорк штаты) Дороти Морган – лаңкестіктің 1646-шы құрбаны, отбасының өтініші бойынша аты жарияланбаған ер адам – 1647-ші құрбан», – деп жазылған хабарламада.

Шабуыл салдарынан қаза тапқан 2753 адамның 1106-ы (40%-ы) әлі күнге дейін анықталған жоқ.

Бұған дейін АҚШ-та осы террорлық шабуылдарға қатысты құпия тергеу материалдары жарияланатыны хабарланған болатын. Осы материалдардан құпиялылық белгісін алып тастау президент Джо Байденнің сайлау алдындағы уәделерінің бірі еді.

2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та бірқатар террорлық шабуыл жасалды. Террористер екі лайнерді Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының мұнараларына, ал үшіншісін Вашингтондағы Пентагон ғимаратына бағыттаған болатын. Шабуылдарды «Әл-Каида» террористік ұйымы өз мойнына алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *