Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Павлодар полицейлері жергілікті тұрғынынан 10 грамм синтетикалық есірткі тәркіледі

ПАВЛОДАР, 08 қыркүйек. Павлодарда синтетикалық есірткі сатпақ болған 24 жастағы жігіт қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 маусым мен 30 қазан аралығында Павлодар облысының аумағында “Қарасора-2021” ведомствоаралық кешенді жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Бұл кезеңде полиция есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы саласындағы қылмыстардың алдын алуға, жолын кесуге және ашуға бағытталған шараларды қабылдайды.

Өткен демалыс күндері Павлодар қаласында 24 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Сараптама қорытындысы бойынша, ұсталған ер адам мас күйінде болған. Жеке тексеру кезінде жедел уәкілдер оның сатуға дайын тоғыз түйінін тапты. Сараптама пакеттерде жалпы салмағы шамамен 10 грамм болатын синтетикалық препараттар бар екенін анықтады. Жас жігітке қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 296-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кету керек, жыл басынан бері өңірлік полиция қызметкерлері есірткіге байланысты 94 құқық бұзушылықты анықтады, заңсыз айналымнан 74 келіден астам түрлі есірткі құралдары мен психотроптық заттар алынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *