Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Дағыстанда  терроризмге қарсы операция барысында екі содырдың көзі жойылды

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек. Бүгін түнде террористік қылмыс жасауға ниеті бар адамдарды іздестіруге байланысты жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Дағыстан Республикасы Буйнак ауданының орманды аймағынан қауіпсіздік күштері екі қарулы бандит анықтады, деп Терроризмге қарсы ұлттық комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Олардың террористік актілер жасауына жол бермеу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ресей ФҚҚ республикалық басқармасының бастығы терроризмге қарсы операция жүргізу және тиісті құқықтық режимді енгізу туралы шешім қабылдады.

Қарақшыларға қаруларын тастап, билікке берілуге ұсынылды. Бұған жауап ретінде олар тәртіп сақшыларына оқ жаудырып, атыс кезінде залалсыздандырылды. Атыс орнында автоматты қару мен оқ-дәрілер, ал қылмыскерлердің көлігінен — қолдануға дайын қолдан жасалған жарылғыш зат табылды.

Тәртіп сақшылары мен бейбіт тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ.

Федералдық қауіпсіздік қызметінің органдары қажетті жедел-іздестіру шаралары мен тергеу әрекеттерін жүргізуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *