ТҮРКІСТАН, 13 қыркүйек. Шардара ауданының тұрғына ауласына сора өсірген, Полиция 4,5 келі есірткіні тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шардара аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынның бірі үйінде есірткі өсіріп жүргені хабарланған. Полиция қызметкерлері аталмыш тұрғынның ауласына есірткіге ұқсас өсімдікті өсіргенін анықтады.
«Белгілі болғандай полицейлер күдіктінің ауласынан бірнеше түп есірткі өсімдігін жұлып, заттай айғақ ретінде тәркіледі. Сараптама нәтижесі өсімдіктердің салмағы 4,5 келі «сора» болып шықты», делінген хабарламада.
Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, Қылмыстық кодекстің 300-бабы «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.