Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақстандық әскери қызметшілер «Бейбіт миссия» терроризмге қарсы оқу-жаттығуына қатысады

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек. Қазақстандық әскери қызметшілер ШЫҰ елдерінің «Бейбіт миссия» оқу-жаттығуына қатысады, деп  қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қазақстан хабарлайды. 

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің – Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан әскери контингенттері терроризмге қарсы бірлескен «Бейбіт миссия – 2021» командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысады.

Бұл оқу-жаттығу Ресей Федерациясы Орынбор облысында өтеді. Оған Қазақстанның Қарулы күштерінен «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы, Әскери-әуе күштерінің Су-25 ұшақтары тартылады.

Оқу-жаттығу шеңберінде ШЫҰ-ға мүше елдердің әскери контингенттері терроризмге қарсы бірлескен операцияға дайындалып, оны өткізу мәселелерін пысықтайды.

«Бейбіт миссия» 2007 жылдың 27 маусымындағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығуларды өткізу туралы келісім шеңберінде екі жылда бір рет өткізілетінін атап өткен жөн.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *