Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қызылорда облысында 2,5 мыңға жуық түп сора өсірген үш ер адам ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА, 13 қыркүйек. Қызылордалық полицейлер ірі есірткі алқабын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс көлемінде өтіп жатқан “Қарасора-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ірі есірткі алқабын анықтады. Жедел шаралар барысында 10 қыркүйек күні Арал ауданы Жіңішкеқұм ауылынан 100 шақырым далалық жерде ірі есірткі алқабы анықталды.

Күдікті үш ер адам оқиға орнында ұсталды. Олар 2479 түп сора өсімдігін арнайылап баптап, егіп өсірген. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *