Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

С.Зась: Ауғанстанмен шекарадағы жағдай қиындап кетсе ҰҚШҰ Тәжікстанға көмек көрсетеді

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттер бірауыздан келісіп, Ауғанстанмен шекарадағы жағдай ушығып кеткен жағдайда Тәжікстанға көмек көрсетеді. Бұл туралы ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась Қорғаныс министрлері кеңесі, Сыртқы істер министрлері кеңесі мен ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысының қорытындысы бойынша журналистерге айтты, деп ТАСС хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Ол Ауғанстандағы жағдай ҰҚШҰ -ны ерекше алаңдатып отырғанын баса айтты .

«ҰҚШҰ -ға мүше мемлекеттер бірауыздан өздерінің ортақ ұстанымын тағы да растады. ҰҚШҰ оңтүстік шекараларындағы жағдай шиеленіскен жағдайда Тәжікстанға барлық қажетті әскери және дипломатиялық көмек көрсетіледі», — деді Зась.

Сонымен қатар, ҰҚШҰ әлемдік қауымдастықты ауған халқына гуманитарлық көмекті арттыруға шақырады.

«ҰҚШҰ елдерінің бірлескен мәлімдемесі әлемдік қауымдастықты ауған халқына аса қажет гуманитарлық көмекті ұлғайтуға шақырады», — деді Зась.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *