Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Бір апта ішінде СҚО-да заңсыз айналымнан 15 келіден астам түрлі есірткі алынды

ПЕТРОПАВЛ, 16 қыркүйек. Бір апта ішінде СҚО полицейлері аса ірі көлемдегі 2 есірткі партиясын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері өз қызметінде есірткілік және психотроптық дәрі-дәрмектерді пайдаланатын медициналық мекемелерді, өндірістік кәсіпорындарды, қоймаларды, дәріханаларды тексерді.

Апта бойы бұл жұмыс “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілді. Оның мақсаты – бақылаудағы есірткі заттары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымға түсуіне жол бермеу. Кейбір медициналық мекемелерде есірткі заттарын есепке алу қағидаларын бұзушылық тіркелді. Екі дәріханада рецептісіз беру жағдайы анықталды. Тәртіп сақшылары барлығы бақылаудағы заттарды заңсыз пайдалануға жағдай жасаған 18 бұзушылықты анықтады.

– Бұдан бөлек, ЖПІШ кезеңінде есірткінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс жандандырылды. Осындай 11 факті тіркелген, екі жағдайда да аса ірі көлемі жайлы сөз болып отыр. Атап айтқанда, заңсыз айналымнан 2 келі жуық гашиш алынды, шамамен синтетикалық есірткі болып табылатын 30 гр. жуық зат сараптамаға жіберілді. Сондай-ақ құрамында есірткі бар өсімдіктерді егіп-өсіру фактісі анықталды. Барлығы операция кезінде 15 келі астам түрлі есірткі алынды, — деп хабарлайды СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *