Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматы облысында 109 келіден астам есірткі тәркіленді

АЛМАТЫ, 19 қыркүйек. Есірткі заттарының заңсыз айналымының 3 фактісі анықталды, деп хабарлайды Informburo.kz .

Бұл туралы «Дәрмек» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында белгілі болды.

 «Мақсаты есірткі заттарының заңсыз айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау болып табылатын «Дармек» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу кезеңінде Алматы облысы  Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі қылмысының 13 фактісін анықтады, оның ішінде: 3 есірткі заттарын өткізу, бұл қылмыс үшін жауапкершілік ҚР ҚК 297-бабы бойынша туындайды; ҚР ҚК 300-бабы бойынша құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсірудің 3  фактісі; ҚР ҚК 299-бабы бойынша есірткі заттарды насихаттау және заңсыз жарнамалаудың 1 фактісі; ҚР ҚК 303-бабы бойынша есірткі құралдарымен жұмыс істеу ережелерін бұзудың 3 фактісі; ҚР ҚК 296-бабының 1,2,3-б.көзделген 3 есірткі қылмысы. Бұл ретте заңсыз айналымнан полицейлер 109 кг. 349 грамм түрлі есірткі заттарын тәркіледі»,-деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жедел алдын алу іс-шарасы аясында тәртіп сақшылары алты нысанды, оның ішінде 5 медициналық және бір өнеркәсіптік нысанды тексерді. Құқық қорғау органдары үш объектіде есірткі және психотроптық заттармен жұмыс істеу ережелерінің бұзылуын, атап айтқанда, құрамында әртүрлі есірткі бар дәрілерді сақтау ережелерінің бұзылуын және жетіспеушілікті анықтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *