Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Атырауда дәстүрлі емес діни ағымдардың зияны түсіндірілген кездесу өтті

АТЫРАУ, 20 қыркүйек. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына жасаған ресми сапарында «Иманғали» мешітінде азаматтармен дәстүрлі емес діни ағымдардың зияны туралы түсіндіру жұмысын жүргізді, деп  ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қазақстан хабарлады.

Бас мүфти азаматтардың ақида, фиқһ мәселесі бойынша қойған сұрақтарына жауап берді. Бірнеше сағатқа созылған жеке ықпал ету іс-шарасында Наурызбай қажы Тағанұлы жамағатпен бірге болудың, Әбу Ханифа мәзһабы мен Мәтуриди сенімін ұстанудың маңызын кеңінен түсіндіріп берді. Сонымен қатар салт пен дәстүрге, қоғамда қалыптасқан құндылықтарға құрметпен қарауға үндеді.

Кездесу нәтижесінде жергілікті азаматтар діни сенім мен ұстаным бойынша шалыс басқан қадамдарына, дұрыс емес бағытта жазылған діни кітаптардан білместікпен ақпарат алып қойғанына өкінетіндерін жеткізді. Сонымен қатар ашық сұхбат жүргізіп, көкейкесті сұрақтарға жауап берген Бас мүфтиге, Атырау қаласының имамдарына алғысын білдірді.

Дәстүрлі емес діни ағымның зияны түсіндірілген кездесу еркін пікір алмасу форматында өтті.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *