Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Павлодар полицейлері есірткі таратумен айналысқан Өзбекстан азаматын ұстады

ПАВЛОДАР, 23 қыркүйек. Павлодарда есірткі таратумен айналысқан өзбекстандық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарлық жедел уәкілдер облыс орталығының аумағында есірткі құралдарын заңсыз таратумен айналысқан Өзбекстан Республикасының 45 жастағы азаматын анықтап, ұстады.

– Тінту барысында жедел уәкілдер тұрғылықты жері бойынша шетелдіктен салмағы 1 келі 300 грамм “гашиш” есірткі затымен 190 түйіншек тауып алып, тәркіледі, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде көмектесушінің шетелдікпен қылмыстық байланыста болған Павлодар облысының 34 жастағы тұрғынының жеке басы анықталды. Ер адам тұрған ферма ғимараттарын тексерген кезде есірткі полицейлері үйдің ауласынан өсімдік тектес жасыл затпен толтырылған екі сөмкені тапты. Сарапшылар табылған заттардың салмағы 19 келі “марихуана” екенін анықтады.

Ер адамдарға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдіктілер күзетпен ұсталуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *