ОРАЛ, 27 қыркүйек. БҚО полицейлері есірткі сақтаған тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Қарасора” жедел алдын алу іс-шарасы барысында 22 жаcтағы облыс тұрғыны ұсталды. Ер адамның тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту кезінде ашық-қоңыр түсті ұнтақ тәрізді заты бар полиэтиленді пакет, екі дана электронды таразы, полиэтилен пакеттер, электрлік таспалар тәркіленді. Тәркіленген заттар сараптамаға жолданып, жалпы салмағы 105,37 грамм “мефедрон” екені анықталды.
Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.