Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Атырау облысында қарасора плантациясы жойылды

АТЫРАУ, 28 қыркүйек. Атырау облысында қарасораның 507 бұтасы өсірілген плантация жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қарасора плантациясы 19 қыркүйекте Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен бірлесе өткізілген «Қарасора-2021» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталған.

«Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының шекаралас аумағында орналасқан орман алқабында қарасораға ұқсас өсімдіктер өсірілген. Сараптамаға сәйкес заңсыз егілген өсімдіктің 507 бұтасы қарасора екені дәлелденді. Плантацияда есірткі қурайларын отап, өртеу арқылы толықтай жойылды. Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» — дейді департамент бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев. 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *