Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Адыгеяда экстремизмге жария түрде шақырғаны үшін сотталғанға қатысты қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек. Адыгея бойынша ФҚҚ басқармасы №2 түзеу колониясында экстремистік әрекетке жария түрде шақырды деп күдіктелген сотталғанға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

 «Кісі өлтіргені үшін Адыгеядағы №2  түзеу колониясында (ИК-2) жазасын өтеп жатқан Ресей азаматы, діни экстремистік ұяшық  құруды шешті. Ол ИК-2 мұсылман қауымдастығының мүшелерін Федералды үкімді орындау қызметінің қызметкерлеріне қарсы зорлық әрекеттер қолдануға жария түрде шақырды. Адыгея бойынша ФҚҚ басқармасы оған қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 280 бабының 1 бөлігі («Экстремистік әрекетті жүзеге асыруға жария түрде шақыру») бойынша қылмыстық іс қозғады», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта бұл қылмыстық іс бойынша барлық мән-жайларды анықтау, қатысы бар адамның қылмыстық әрекетінің жаңа эпизодтарын ашу бойынша тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.  Осы баптың санкциясы төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады, деп толықтырды республика бойынша ФҚҚБ баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *