НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек. Шырнакта бөлшектеуші террор ұйымы КЖП (PKK) 2 террорист залалсыздандырылды, деп TRT агенттігі хабарлайды.
Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеде «Эрен-13» операциялары шеңберінде Шырнактың Бестлер-Дерелер ауылдық аймағында операция жасалғаны білдірілді.
Мәлімдемеде Жандармерия арнайы десанттары тарапынан J-SİHA (Жандармерия қарулы пилотсыз әуе көлігі) және Әуе күштері қолбасшылығының қолдауымен жасалған операцияда 2 террористің қаруларымен залалсыздандырылғаны атап көрсетілді.