Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ресей Ауғанстан мен Тәжікстан қатынасының шиеленісуіне алаңдайды

НҰР-СҰЛТАН, 01 қазан. Тәжікстан мен Ауғанстан әскери күштерін шекараға тарта бастады. Бұл туралы Ресейдің сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап Sputnik Қазақстан хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Ақпарат және баспа департаменті директорының орынбасары Алексей Зайцевтің айтуынша, екі елдің басшылары жасаған мәлімдемелерден кейін тәжік-ауған қарым-қатынасы шиеленісіп кетті.

«Екі жақтың ортақ шекараға қарулы күштерді тарта бастағаны туралы ақпарат шықты. Талибан* қозғалысының мәліметіне сәйкес, шекараға жақын Тахан провинциясында арнайы жасақтардың он мың сарбазы орналасты», — деді Зайцев брифингте.

Министрлік өкілі Ресейдің ұстанымын да жеткізді. Мәскеу ресми Душанбе мен Кабулды жағдайды реттеудің тиімді жолдарын іздеуге үндеп отыр.

Ал РИА Новости агенттігінің Тәжікстан күш құрылымдарындағы ақпарат көзі Ауғанстанмен шекарадағы жағдай тұрақты екенін жеткізді. Оның айтуынша, шекарада тәлібтердің жиналуы байқалған жоқ. Ауған жақтан қарулы қақтығысқа арандату әрекеттері де болмады.

«Талибан, шынымен де, қосымша күштерді шекараға тартқан жағдайда біздің күш құрылымдарымыз казармалық жағдайға көшетін еді», — дейді ол.

Оның сөзіне қарағанда, тәлібтер ауған жерінде шабуылға шығып, Тәжікстанмен арадағы шекараны бақылауға алған күннен бастап осы елдің құқық қорғау және күш құрылымдары жауынгерлік әзірлік жағдайына көшірілді.

Айта кетері, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Талибан үкіметін адам құқығын бұзғаны үшін кінәлап, ресми түрде мойындаудан бас тартты. Ал тәлібтер Ауғанстанның ішкі жұмысына араласпауды талап етті.

*Талибан – Ауғанстандағы билікті басып алған топ. Қазақстанда, Ресей Федерациясында және басқа елдерде тыйым салынған.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *