НҰР-СҰЛТАН, 07 қазан. «Джазира» әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы Түркияның солтүстік -шығысындағы Трабзон әуежайына борттағы бомба туралы хабар түскеннен кейін шұғыл қонды, деп TRT телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
БАҚ ақпараты бойынша, жолаушылар эвакуацияланған. Саперлер ұшақта тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қазіргі уақытта ұшақ бортындағы 51 жолаушының жолжүктері тексерілуде.