НҰР-СҰЛТАН, 08 қазан. Батыс Африка елі Нигерияның Замфара және Катцина уәлаятында ұйымдастырылған қарулы шабуылдарда 29 адам ажал құшты, деп TRT сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Ұлттық баспасөздерде шыққан хабарларға қарағанда куәлігі белгісіз қарулы адамдар Замфара аймағында шабуыл жасады. Шабуылда 19 адам көз жұмды, көптеген үй өртелді.
Қарулы адамдардың Катцина уәлаятында мешіттен қайтқандарға оқ атуы кесірінен 10 адам қаза тапты, көптеген адам жарақат алды.
Замфара уәлаятында 5 жылдан бері фермерлер мен малшылар арасында қақтығыстар болуда.