Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нигерияда терроризмге қарсы операциялар кезінде 90-ға жуық «Боко Харам» содырлары залалсыздандырылды

НҰР-СҰЛТАН, 08 қазан. Нигерияның солтүстік-шығысында «Боко Харам» террористік ұйымының 87 содыры залалсыздандырылды, деп  Анадолу агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, терроризмге қарсы операциялар  Чад көлінің жағалау аймақтарында жүргізілген.

Соңғы жылдары ұйымдастырылған операцияларға қарамастан, «Боко Харам» Африканың ең көп халқы бар ел -Нигерия қауіпсіздігіне әлі де үлкен қауіп төндіріп тұр.

«Боко Харам» 2000 жылдардың басынан бері әрекет етеді. 2009 жылдан бері 20 мыңнан астам адам экстремистік ұйымның құрбаны болды.

«Боко Харам» 2015 жылдан бері Камерун, Чад және Нигерге шабуылдар жасап келеді. Чад көлі аймағында кем дегенде екі мың адам лаңкестердің құрбаны болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *