Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қызметтік ит кеден бекетінде есірткі алып өтпек болған Өзбекстан тұрғынын ұстауға көмектесті

ТҮРКІСТАН, 08 қазан. Түркістан полицейлері шекарадан есірткі алып өтпек болған Өзбекстан тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш ауданының сақшылары Жібек жолы кеден бекеті арқылы есірткіні заңсыз алып өтпек болған Өзбекстан елінің азаматын құрықтады. Нақтырақ айтсақ, бақылау бекетінің қызметкерлері ҚР-нан Өзбекстан Республикасының аумағына өтпек болған ер азаматтың билетін тексеріп жатқан кезде, “Белка” атты қызметтік ит бірнеше метрден жүгіріп барып, ер азаматтың жанына жақындап үріп, белгі бере бастайды.

Осыдан соң бекеттегілер бірден Сарыағаш АПБ-нің сақшыларына хабарласып, болған жайтты түсіндірді. Тәртіп сақшылары оқиға орнына келіп, бірқатар тексеру жұмыстарын жүргізді. Тиянақты жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесінде ер азаматтың шалбарының қалтасынан қағаз орамаға оралған есірткі затына ұқсас зат табылды.

Полиция қызметкерлері айғақты затты сараптамаға жолдап, оның қорытындысы бойынша жалпы салмағы 2 грамм кептірілген марихуана екенін анықтады. Аталмыш жайт Сарыағаш АПБ-да ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркелді. Қазіргі таңда күдікті ер азаматқа қатысты тергеу амалдары жалғасуда. Осы тұста Түркістан облысының полицейлері әрбір азаматқа әрдайым салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шынығуға кеңес береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *