Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстанда 100-ден астам адам мешітке жасалған шабуылда көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 09 қазан.Ауғанстанның солтүстігіндегі Кундуз уәлаятының Сайед Абад аймағында бір мешітте ұйымдастырылған бомбалы шабуылда 100-ден астам адамның қаза тапқаны білдірілді.Бұл туралы TRT агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Талибанның бас мәлімдемешісі Забихулла Муджахид Кундуз уәлаятының Сайед Абад аймағындағы шиіттерге тиесілі мешітке жұма намазы барысында бомбалы шабуыл ұйымдастырылғанын айтты.

Шабуылда қаза тапқандар мен жарақат алғандардың болғанын түсіндірген Муджахид Талибан күштерінің аймаққа жеткенін және шабуылға байланысты тергеу жұмыстарының басталғанын баяндады.

Аурухана лауазым иелері қаза тапқандар санының 100-ден асқанын мәлімдеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *