НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан.КЖП (PKK/PYD) мүшесі террористтер тарапынан жасалған шабуылда 2 полиция шейіт болды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Сирияда «Евфрат қалқаны» опрациясы аймағында кеше КЖП бөлшектеуші террор ұйымы (PKK/PYD) мүшесі террористтер тарапынан жасалған шабуылда 2 полиция шейіт болды.
Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесінде шабуылда 1 полицияның шейіт болғаны, 3 полицияның ауыр жарақат алғаны білдірілді.
Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Twitter-дегі парақшасында ауыр жарақат алған 1 полицияның құтқарыла алмағанын және шейіт санының 2-ге шыққанын білдірді.