НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан. Калугада тұратын шетелдік азаматқа халықаралық террористік ұйымның қызметін ақтағаны үшін 100 мың рубль айыппұл салынды. Бұл туралы Калуга облысы бойынша ФҚҚ басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Весть» газеті хабарлайды,деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Айыпталушы «Ислам мемлекеті»* террористік ұйымын ақтайтын материалдарды интернетте жариялаған.
Шетелдік азаматқа қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.2 бабының 1 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды және тергелді.
Айыпталушы тергеумен белсенді түрде жұмыс жасап, кінәсін мойындады. Сот шешімімен шетелдікке 100 мың рубль айыппұл салынды.
Еске сала кетсек, Татарстанда Орталық аудандық әскери сотының сот алқасы 35 жастағы жергілікті тұрғынды терроризмді жария түрде ақтағаны үшін кінәлі деп тапты (РФ ҚК 205.2 бабының 2 бөлігі).
Айыпталушының «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі лаңкестік шабуыл туралы хабардың астына мәтіндік түсініктемелер қалдырғаны анықталды, онда терроризм идеологиясын ақтаудың лингвистикалық белгілері бар.
Оған 350 мың рубль айыппұл салынды .
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым