НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан. Испанияның солтүстігіндегі Леиоа қаласында бір кісі Del Pais Vasco Университеті ғимаратына оқ жаудырды.Бұл туралы TRT агенттігі хабарлайды.
Шабуылдаушы тұтқынға алынды.
Испания Баск аймағының полиция ұйымы хабарлама жариялап, шабуылда ешкімнің зиян шекпегенін, университет ғимаратының босатылғанын білдірді.
Куәгерлер шабуылдаушы кісінің қолындағы қарумен ғимаратқа кіргенін, кемінде үш рет оқ жаудырғанын айтты.
Полиция оқиғаға байланысты тергеу бастады. 21 жастағы шабуылдаушы университет студенті емес.