НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан. Батыс Африка елі Нигерияның Борно уәлаятында террор ұйымы Боко Харамның болмысы бар аймақтардың бірінде қарулы топтарға қарсы операцияларда 76 адам ұсталды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Борно уәлаяты полиция директоры Умар Абду баспасөз мәслихатында қауіпсіздік мәселелеріне қарсы күрес аясында уәлаяттың Чибок, Джере, Кондуга және Мафа аймақтарында бандыларға қарсы операция жасалғанын атап көрсетті.
Операцияларда 76 банда мүшесінің ұсталғанын білдірген Абду айтарлықтай мөлшерде оқ-дәрі тәркіленгенін атап көрсетті.
Нигерияда 2008 жылы шопандар мен фермерлер арасындағы қақтығыстарымен басталған зорлық-зомбылық 2015 жылдан бастап адамдарды алып қашу және тонау әрекеттеріне айналды.
Елде соңғы 3 айда қарулы бандалар арасындағы қақтығыстарда 1000-нан астам адам қаза тапты.
Өткен жылдың сәуір-шілде айларында жасалған «Puff Adder операциясы» аясында 2 мың 504 банда мүшесі ұсталып, төлем үшін ұрланған 207 адам құтқарылған болатын.