Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақстанда интернет арқылы есірткі таратушыларға 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан. Елдегі ескірткімен күрес жағдайы туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы, полиция полковнигі Ерлан Омарбеков айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында есірткінің жаңа түрлерімен күресуді мемлекеттік органдарының басым міндеттерінің бірі ретінде айқындап берді. Осы орайда соңғы екі жылда заңнама қайта пысықталды. Атап айтқанда, есірткі айналымының алдын алуға бақылау орнату тәртібі жеңілдетіліп, оны интернет желісі арқылы сату мен сатып алған жағдайдағы жауапкершілік күшейтілді. Өткен жылдың 10 қаңтарынан бастап есірткі қылмысы үшін заңнамаға «электрондық коммуникациялық жүйелерді пайдалана отырып» деген жаңа айқындау енгізілді. Ол ішінара бірнеше бап бойынша қарастырылған. Мысалы, есірткі немесе оны жасауға қолданылатын заттар айналымы, электрондық коммуникациялық жүйелерді пайдалана отырып есірткіні насихаттау және сол сияқты», — деді Ерлан Омарбеков.

Оның айтуынша, елімізде есірткі қылмысы үшін ұзақ мерзімді жаза қарастырылған. Және ескірткімен айналысу ауыр және аса ауыр қылмыс санатына жатады.

«Биыл жыл басынан бері ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып есірткіні тарату бойынша 77-ден астам фактінің жолы кесілді. Сонымен қатар, есірткіні сатудан бөлек, оны жарнамалап, насихаттағаны үшін де қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Ол үшін 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», — дейді ол.

Осы орайда департамент басшығы қазіргі уақытта есірткіні насихаттауға қатысты 90 қылмыстық істің қаралып жатқанын айтты.

«Ел көлемінде есірткінің жаңа түрлерін анықтау мен оған тыйым салу жұмысы жалғасып жатыр. Бүгінде синтетикалық есірткінің тағы 11 жаңа түріне қатысты химиялық заттардың айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген Үкіметтің қаулысы күшіне енді. Одан бөлек, ең көп таралатын пировалерон, мефедрон (меф) және синтетикалық каннабиноид (спайс) айналымына қатысты жаза күшейтілді. Осыған дейін аталған есірткі түрлері тәркіленген жағдайда оның көлемі 50 грамды құраған жағдайда жаза қаралатын, ендігі 1 граммен ұсталса да жазаға тартылады», — деді Е. Омарбеков.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *