Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Лавров:Орталық Азия елдері АҚШ-тың әскер әкелуіне қарсы

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ-тың Орталық Азияға әскер орналастыру талабына аймақ елдерінің қарсы екенін айтты, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Сергей Лавров Беларусьтың бас қаласы Минскте Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері жиналысы аясында журналистердің АҚШ-тың Өзбекстанға террормен күрес күштерін орналастыру ниетіне байланысты сұрақтарына жауап берді.

Ресейдің Орталық Азиядағы көршілері, одақтастары мен стратегиялық ортақтарымен тығыз байланыс жасап отырғанын айтқан Лавров:»Олар осындай зияраттарды қабылдамайды» деді.

АҚШ-тың мұндай ниетіне байланысты мәліметі болмағанын айтқан Лавров бұл туралы Өзбекстан әкімшілігінен сұрауды ұсыныс етті.

«Қайталаймын, Орталық Азиядағы достарымыз бізге АҚШ немесе НАТО елдерінің осындай талпыныстарын қаламайтындарын айтуда» деді Лавров.

Лавров Ресей-АҚШ қарым-қатынастары аясында кездесулер жалғасқанын білдіріп, екі елдің лидерлері арасында тіпті көп кездесулер өткізу бағдарламаларын ойластырғанын айтты.

«Осындай кездесулерді дамыту үшін екі тараптың да ниеті айқын» деді Сергей Лавров. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *