Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақстан мен Германия  терроризм мен экстремизмге қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан. 13 қазан күні  Германия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрлігінде ҚР мен ГФР үкіметтері арасында ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге және қылмыстың басқа да қауiптi түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті, деп Германия Федеративтік Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің ресми сайтында хабарланған. 

Ұйымдасқан қылмыстың, заңсыз көші-қонның, сондай-ақ терроризмнің және қылмыстың басқа да қауіпті түрлерінің алдын алу мен күресу саласындағы ынтымақтастықты дамытуды көздейтін құжатқа Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшісі Дәурен Кәріпов және Германия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Мигель Бергер қол қойды.

Келісім екі елдің үкіметтеріне есірткінің, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстармен күресу бойынша мәліметтер алмасуға және әрекеттерді үйлестіруге, сондай-ақ қылмыстық ұйымдардың адамдарды шекарадан заңсыз өткізу үшін жалған және жасанды құжаттар қолдануды қысқартуға бағытталған бірлескен тиімді шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *