НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан. ЕО Кеңесі «Ислам мемлекеті» (ИМ)* және «Аль-Каида»* лаңкестік топтарына, сондай-ақ олармен байланысты адамдарға, ұйымдар мен кәсіпорындарға қатысты санкциялық режимнің қолданысын 2022 жылғы 31 қазанға дейін ұзартты.Бұл туралы ЕО Кеңесінің дүйсенбі күні жарияланған мәлімдемесіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
Шектеу шаралары, оның ішінде Еуропалық Одаққа кіруге тыйым салу мен активтерді бұғаттау алты адамға қатысты қолданылады. Мәлімдемеде ЕО елдерінің азаматтары мен ұйымдарына бұл адамдарға ақшалай және кез келген экономикалық ресурстармен қамтамасыз етуге тыйым салынғандығы баса айтылады.
ЕО Кеңесінде айтылғандай, қолданыстағы санкция режимі Брюссельге лаңкестік шабуылдарды жасағандарға немесе оларды қоздырушыларға қарсы, сонымен қатар лаңкестерге, ИМ-мен, «Аль-Кайдаға» және онымен байланысты құрылымдарға жаңа мүшелерді тартуда қолдау көрсеткендерге атаулы шектеулер енгізуге мүмкіндік береді.
ЕО-ның ИМ мен «Аль-Каидаға» қарсы терроризмге қарсы қара тізім-ЕО соңғы онжылдықта енгізген ең қысқа санкциялар тізімінің бірі.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым