Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Перуде 5 тоннаға жуық есірткі тәркіледі

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан. Перу полициясы 5 тоннаға жуық есірткі тәркіледі, деп Хабар24 хабарлайды.

Тәркіленген заттың 3 тоннасы марихуана, қалғаны кокаин.

Зиянды зат ел бойынша жүргізілген арнайы операция кезінде Куско аймағындағы джунгли орманынан табылған. Бірнеше қапқа салынған есірткі ел астанасы Лимаға әкелініп, көпшілікке көрсетілді. Полиция тәркіленген партияның заңсыз нарықтағы құны 200 миллион доллардан асатынын айтады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша Перу мен оған көршілес Колумбия кокаин өндіру бойынша әлемде алдыңғы орында тұр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *