АЛМАТЫ, 20 қазан. Алматы полицейлері синтетикалық есірткі әуесқойларын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әуезов ауданының аумағында патрульдік полиция қызметкерлері 32 жастағы Алматы тұрғынынан психотроптық заттар салынған сегіз буманы тапты және тәркіледі. Ұсталған адам бумаларды кездейсоқ тапқанын және оларды өзіне қалдыруға шешім қабылдағанын айтты.
Полиция қызметкерлері 1995 жылы туған тағы бір жергілікті тұрғынды 31 бума синтетикалық есірткі – “Мефедронмен” ұстады. Жиынтық кестеге сәйкес, тәркіленген шөп аса ірі көлемде және психотроптық зат болып табылады. Жігіттің айтуы бойынша, ол синтетикалық есірткіні өзі қолданады.
– Тексеру кезінде синтетикалық есірткі тәркіленді. Қылмыстық істер ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Психотроптық заттарды аса ірі көлемде сату мақсатынсыз заңсыз алу, сақтау) бойынша тіркелді, ал, бұл үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру. Күдіктілерге қатысты ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Синтетикалық әуесқойлардың екеуі де Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп түсіндірді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.