НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан. Автобус сәрсенбі күні Дамаск қаласындағы президенттік көпірге орнатылған екі минаға жарылды. Бұл туралы SANA агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Алынған ақпаратқа сәйкес, жарылғыш құрылғыларды лаңкес іске қосқан. Сириялық 13 сарбаз қаза тауып, тағы үшеуі жараланды.
Кейінірек зардап шеккендердің саны 14 адамға дейін артқаны белгілі болды.
«Сәрсенбі күні таңғы сағат 06:45 шамасында Дамасктегі Джиср әл-Раис маңында әскери автобус өтіп бара жатқанда, автобусқа алдын ала бекітілген екі жарылғыш зат жарылып, он төрт шәһид қаза болып, басқалары жараланды», — деп хабарлады әскери дерек көзі.
Оқиға орнына келген саперлер жақын маңда орнатылған тағы бір минаны залалсыздандырды.