Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Чикаго тұрғыны ИМ-не материалдық қолдау көрсету әрекеті үшін кінәсін мойындады

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан. Иллинойс тұрғыны «Ислам мемлекеті*» террористік тобына материалдық қолдау көрсетуге тырысқаны үшін кінәсін мойындады. Бұл туралы АҚШ әділет министрлігінің сайтына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

АҚШ билігінің мәліметінше, 2014-2015 жылдары Чикагодан келген 36 жастағы Дилшод Хусанов АҚШ-тың бірнеше тұрғынын ИМ қатарына қосылуына жәрдемдескен. Атап айтқанда, ол адамдар тобының құрамында қаржы жинаумен айналысты, сонымен қатар адамдардың Сирияға барып, террористер қатарына  қосылы үшін қаражат бөлді.

Хусановтың кейбір сыбайластары бұрын тұтқындалған — олардың екеуі 15 жылға, біреуі 12,5 жылға бас бостандығынан айырылған, тағы үшеуі үкім күтіп отыр.

Хусанов лаңкестік ұйымға қаржылай қолдау көрсету әрекеті үшін кінәсін мойындады. Ол 11 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Түрмеден шыққаннан кейін ол АҚШ -тан шығарылады.

 * Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *