НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан.Дондағы Ростов қаласының Оңтүстік аудандық әскери соты Шешенстан Республикасының тұрғыны Магомед Дакаевты террористік әрекетке жәрдемдескені үшін айыпты деп танып, оны 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
«Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.1-бабының 1-бөлігінде («Террористік әрекетке жәрдемдесу») қарастырылған үш қылмыс жасады деп айыпталған Дакаев Магомед Руслановичке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. Сот үкіміне сәйкес сотталушы кінәлі деп танылып, оған жалпы режимдегі түзеу колониясында бес жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сот 2014 жылдың маусым айының басында сотталушы Шешенстан Республикасында жүргенде ауылдасына Сирия Араб Республикасының аумағында заңсыз қарулы құрылымдағы ортақ танысына аудару үшін 2 мың рубль бергенін анықтады. Сол жылы сотталушы Сирия аумағындағы заңсыз қарулы құрылымға қосылу үшін басқа адамдарға 7 мың рубль берді.
«Сот отырысында сотталушы Дакаев өзіне тағылған айыпты ішінара мойындады», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Үкім заңды күшіне енген жоқ және оған тараптар Әскери апелляциялық сотқа шағымдана алады.