Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қызылорда облысында жыл басынан заңсыз айналымнан 143 келі есірткі заты тәркіленді

ҚЫЗЫЛОРДА, 20 қазан. Жыл басынан қызылордалық полицейлер заңсыз айналымнан 143 келі есірткі затын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылордалық полицейлермен 2021 жылдың тоғыз айында 169 есірткі қылмысы анықталды. Оның ішінде есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың – 12, есірткі сатудың – 21, есірткі өсірудің – 43, есірткі жарнамалаудың екі дерегі және есірткімен байланысты қылмыстық теріс қылықтардың 90 дерегі анықталды. Заңсыз айналымнан барлығы 143 кг. 30 гр. есірткі заты тәркіленсе, оның 352 гр. синтетикалық есірткі құралы.

Жыл басынан атқарылған іс-шаралар нәтижесінде Қызылорда облысы көлемінде есірткі насихаттау және жарнамалаудың екі дерегі анықталып, Қызылорда қаласының 20 жастағы әйел азаматшасы ұсталып, тергеу әрекеттері кезінде өзінің көрсетуімен 110 граффити суреттер жойылды.

Сонымен қатар, әлеуметтік желі арқылы синтетикалық есірткіні Қызылорда қаласында таратудың екі дерегі анықталып, Атырау және Семей қалаларының тұрғындары құрықталды. Тінту әрекеттері кезінде олардың қала орталығынан жалдаған пәтерлерінен, сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы тапсырыс қабылдап, жасырып қойған нүктелерінен жастар арасында “мефедрон”, “эфедрон”, “PVP” атауымен танымал синтетикалық есірткі құралдары заттай дәлелдеме ретінде алынды.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тұңғышбай Еркіннің айтуынша, ағымдағы жылдың 4 қазан және 30 қараша аралығында өткізіліп жатқан “Рефлекс” жедел профилактикалық іс-шарасының барысында синтетикалық есірткі сақтаудың үш дерегі анықталды.

Сонымен қатар, Қызылорда облысы аумағында 2021 жылдың 1 маусым – 30 қазан аралығында “Қарасора-2021” арнайы жедел профилактикалық іс-шарасы да өткізілуде.

Іс-шара кезінде есірткі өсірудің 43 дерегі анықталса, оның 16 дерегі далалық аймақтан, 27 дерегі үй ауласы, саяжайдан табылды. Есірткі өсіргені үшін барлығы 52 адам ұсталса, оның 30-ы қамаққа алынды. Оқиға орнынан барлығы 14 мың 360 түп сора өсімдігі жойылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *