Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қызылорда облысында «Таблиғи жамағат» экстремистік ұйымның белсендісі ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА, 21 қазан. Қызылорда облысында діни экстремистік ұйымның белсендісі қолға түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Қызылордалық азамат елде тыйым салынған діни экстремистік ұйымды насихаттаған. Белгілі болғандай, ол тыйым салынған ұйымның шарттары мен дәстүрлерін ұстанған.

Сондай-ақ қызметін ұйымдастырып, діни алауыздықты қоздыратын және діни экстремистік деп танылатын ақпараттарды насихаттаған.

Күдіктіні облыстық полиция және ұлттық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері анықтады. Ол — «Таблиғи жамағат» діни экстремистік ұйымының жақтасы, 48 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны.

«Арнайы іс-шаралар материалдарын талдау барысында азамат Д-ның іс-әрекеттерінде құқықбұзушылықтың белгілері байқалғандықтан оған қатысты іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілді. Қызылорда қалалық сотының үкімімен азамат кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына тартылып, пробациялық бақылауға алынды», – дейді Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 405-бабының 1-бөлігі бойынша (Қоғамдық немесе діни бірлестікке не өзге де ұйымға қатысты олардың экстремизмді немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметіне тыйым салу немесе тарату заңды күшіне енген сот шешімі бола тұра, олардың қызметін ұйымдастыру) іс қозғалған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *