НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан. Нигерияның солтүстік -батысындағы Кебби штатындағы орта мектептен төрт айдан астам уақыт бұрын ұрланған 30 бала босатылды. Бұл туралы аймақтық үкіметке сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Мәлімдемеде айтылғандай, осы жылдың 17 маусымында содырлар Кеббидегі мемлекеттік мектепке шабуыл жасап, оқушыларды ұрлап кеткен. Қазіргі уақытта босатылған балалар штаттың әкімшілік орталығы Бирнин Кебби қаласында. Онда олар медициналық тексеруден және қажетті емдеуден кейін отбасыларымен қайта қауышады. Тиісті органдар содырлардың қолында қалған басқа тұтқындарды құтқару жұмыстарын жалғастыруда.
Нигерия полициясы 17 маусымда қарулы содырлар Кебби штатының Бирнин-Яури ауданындағы мемлекеттік орта мектепке шабуыл жасап, күзетшілермен атыс жүргізді деп хабарлаған. Ұрыс нәтижесінде бір полиция қызметкері қаза тауып, бір оқушы жарақат алды. Бірнеше мұғалім мен мектеп оқушылары ұрланған. Келесі күні Нигерия армиясы содырларды ұстап алып, екі мұғалім мен бес баланы құтқарды, бір оқушы қалжырап қайтыс болды.
Нигерияда соңғы бірнеше айда содырлардың бірнеше шабуылдары болды, соның ішінде мектеп оқушыларын ұрлау.