АТЫРАУ, 24 қазан. Атырау полицейлері синтетикалық есірткіні көшелерде жасырған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазан айында Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері тиым салынған синтетикалық есірткіне заңсыз сақтап келген азаматты ұстады.
– Белгілі болғандай, 32 жастағы азамат қала аумағында бірнеше жерге синтетикалық есірткіні жасырып үлгеріпті. Жалға алынған пәтерін тексеру кезінде есірткіні сатуға арналған түрлі құралдар мен құрылғылар тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған есірткінің жалпы салмағы 85 грамды құрады, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.
Қазіргі уақытта құрамында есірткісі бар өсімдіктерді сақтау деректері бойынша 1989 ж.т күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.