НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан. «Ислам мемлекеті*» экстремистік тобының елу содыры Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясындағы «Талибан» билігіне берілді, деп «Талибан*» өкілі мәлімдеді. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
«Жергілікті ақсақалдар мен Ауғанстан Ислам Әмірлігі билігінің күш-жігерінің арқасында ДАИШ/ИМ/* тобының 50 мүшесі Нангархардағы шайқастардан бас тартып, берілді», — деді журналистерге провинцияның барлау қызметінің басшысы Мохаммад Насим.
Ол берілген содырлардың Ауғанстанда әрекет ететін ИМ ұяшығының тірегі саналатын Нангархар провинциясындағы Куз-Кунар және Хаска-Мина аудандарында белсенділік танытқанын атап өтті.
Содырлардың қаруы бар-жоғын шенеунік хабарламады.
Оқиға «Талибан» қозғалысы қауіпсіздік күштерінің елдің шығысындағы таулы аймақтағы содырларға жасаған әскери қысымы аясында болды.
ИМ өкілдері бұл оқиғаға әзірге ешқандай түсініктеме бірген жоқ.