НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан. Санкт-Петербург қалалық соты прокуратураның «Невоград» неонацистік тобын («Невоград-2», «БТО-Невоград», FirstLineNevograd) экстремистік ұйым деп тану туралы арызын қанағаттандырды, деп жазады dp.ru .
Қалалық соттардың біріккен баспасөз қызметінің хабарлауынша, енді Ресейде топтың қызметіне тыйым салынған.
«Әкімшілік талапкер сот отырысында Санкт-Петербургте қайтадан экстремистік қылмыстар жасалып жатқанын түсіндірді. <…> «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде сотталушылардың әрекетін сипаттайтын бірнеше топ бар», — делінген хабарламада.
Санкт-Петербург прокуратурасы «Невоград» атауымен біріктірілген әртүрлі топтардың мүшелері шетелдік азаматтарға қатысты зорлық-зомбылық жасағанын түсіндірді.
Ұйым басшылары нәсілшілдік пен неонацизм идеяларын насихаттады, сондай-ақ қоғамдық резонанс тудыру үшін жасалған қылмыстар туралы мәліметтерді таратты.