НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан. Орынбор облысы бойынша ФҚҚ Ресейге 30 келіден астам есірткіні, оның ішінде героинді әкелу әрекетін тоқтатты. Бұл туралы РФ ФҚҚ-ның қоғаммен байланыс орталығына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
«Ресей ФҚҚ-нің Орынбор облысы бойынша шекара басқармасының қызметкерлері Сагарчин өткізу бекетінде Ресей Федерациясының аумағына 30 келіден астам есірткі затын әкелу әрекетінің жолын кесті», — деп хабарлады ведомствода.
Олар Mercedes микроавтобусындағы арнайы жабдықталған жасырын жерлерде тасымалданды. Қызметтік иттің көмегімен үш металл контейнер табылды, оларда 1 кг-нан астам героин және шамамен 30 кг гашиш болды.
«Контрабандалық жолмен есірткі алып өтпек болған шетел азаматы ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды», — деді ФҚҚ.