Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті екі есірткі зертханасын жою туралы мәлімдеді

АЛМАТЫ, 28 қазан. 2021 жылғы қазанда ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен өңір аумағындағы жасырын зертханаларда ірі партияда синтетикалық есірткі жасауға және оларды Интернет ресурстары арқылы таратуға қатысы бар 2 есірткі тобының әрекетін анықтап, жолын кесті, деп ведомство баспасөз қызметі хабарлайды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кешенінің нәтижелері бойынша одан әрі көтерме партияда өткізумен «мефедрон» және «Aльфа-PVP» жасырын өндірісі бойынша 2 есірткі зертханасын ұйымдастырған Қырғызстан азаматы мен төрт Қазақстан азаматы ұсталды.

Тінту іс-шараларын жүргізу нәтижесінде 4 кг синтетикалық есірткі, және 40 литр жартылай дайын есірткі заты, 1 кг гашиш, 20 кг астам химиялық қоспа және зертханалық жабдықтар табылып, алынды.

Қылмыстық тауардың әлеуметтік мессенджерлер арқылы байланыссыз тәсілмен жасырын жерге қалдыруды жүзеге асыру жолымен таратылғаны анықталды.

Осы фактілер бойынша ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу материалдарын ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Есірткі заттары мен прекурсорлардың ірі партиясын жасырын жасап, Алматы қ. «қара нарығына» жеткізудің өсуін тіркеу тоқтаусыз жалғасып отырғанын атап өту қажет.

2021 жылдың басынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті есірткі затының заңсыз айналымының 18 фактісінің жолын кесті, синтетикалық есірткі жасайтын 10 жасырын зертхананың жұмысын тоқтатты. Заңсыз айналымнан шамамен 255 кг есірткі заты алынды. Есірткі бизнесімен айналысқаны үшін 33 адам ұсталып, қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *