НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан. Түркия 2011 жылынан осы таңға дейін 8 мың 585 шетелдік террористті шекарадан шығарды, деп TRT агенттігі хабарлайды.
Түркия Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда PKK/PYD және ДАИШ сынды террор ұйымдарына қатысу үшін келген шетелдік террористтердің елдеріне жіберу жұмыстары жалғасуда.
Мәлімдемеде Сирияда 2011 жылы басталған азаматтық соғыстан осы таңға дейін 102 елден келген 8 мың 585 шетелдік террористтің шекарадан шығарылғаны білдірілді.