Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Желтоқсан айында Нұр-Сұлтанда Сирия бойынша келіссөздердің кезекті раунды өтеді

 НҰР-СҰЛТАН, 05 қараша. Сирия бойынша келіссөздердің келесі раунды Нұр-Сұлтанда желтоқсанның ортасында өтеді, деп ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіге сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

 «Кепілгер елдерден (РФ, Түркия, Иран – ред.) Астана процесінің кезекті келіссөздерін ұйымдастыру туралы өтініш келіп түсті, нақты мерзімдерін келісіп жатырмыз. Шамамен желтоқсан айының ортасында», — деді Тілеуберді.  

Оның айтуынша, кепілгер елдер министрлердің орынбасарлары деңгейінде өкілдік етеді.

Сирияда 2011 жылдан бері қарулы қақтығыс жалғасуда. 2017 жылдан бастап Нұр-Сұлтанда «астана форматы» (Қазақстан астанасының бұрынғы атауы бойынша) деп аталатын сириялық реттеу бойынша келіссөздер жүргізілуде , ал 2018 жылдың қаңтарында Сочиде Сирия ұлттық диалогының конгресі өтті, бұл қақтығыс басталғаннан бері қатысушылардың кең ауқымын  бір келіссөз алаңында жинауға бағытталған алғашқы әрекет болды. Конгрестің негізгі нәтижесі Женевада әрекет ететін және негізгі міндеті конституциялық реформаны дайындау болып табылатын конституциялық комитет құру туралы шешім болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *