Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Полицейлер қызметтік иттің көмегімен Жамбыл облысы тұрғынының көлігінен 50 кг марихуана тәркіледі

ТАРАЗ, 05 қараша. Жамбылда қызметтік иттің көмегімен ер адамның көлігінен 50 келі есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қарасора-2021” республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Шу-Қордай” автожолында 43 жастағы ер адамның басқаруындағы Nissan маркалы автокөлікті тоқтатты.

Полиция қызметкерлері “Тея” атты қызметтік иттің көмегімен көліктің жүк бөлімінен жалпы салмағы 50 келіден асатын “кептірілген марихуана” есірткі заты бар үш қапты тауып, тәркіледі.

– Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады. Қордай ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау бойынша мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *